Кеше, 2025 жылғы 16 қыркүйекте, әлемдегі ең танымал мәдени ареналардың бірі — Madison Square Garden-нің Instagram парақшасында қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің концертінің аңдатпасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарияланған бейнежазбада Димаштың бұған дейінгі өткен концерттерінен әсерлі үзінділер көрсетілген және оның астында мынадай жазба қалдырылған:
"Димаш Құдайбергеннің The Garden сахнасында алғаш рет өнер көрсетуіне 3 аптадан аз уақыт қалды! Билеттер саны шектеулі".
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Madison Square Garden (@thegarden)
Бұл жазбаның астына Димаштың жанкүйерлері ізгі-тілектерін білдіріп, сәттілік тілеп жатты.
- Биік шыңдарды бағындыра бер, құлыншақ , біз сенімен мақтанамыз!
- Қазақтың баласы Американың төрінде жарқыра!
- Сәттілік, Димаш!
- Керемет, АҚШ-тағы барлық қазақстандықтар барады деген сенімдемін!
- Асыға күтудемін, Америка сахнасына қош келдің, Димаш!
- Жарайсың, сәттілік серігің болсын!
Бұған дейін Қазақстанда Димаш продюсерлік ететін музыкалық жоба түсірілуде екенін жазғанбыз.