Батыс Қазақстан облысының полицейлері 31 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады. Ол бірқатар алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің әлеуметтік желі арқылы адамдармен танысып, түрлі сылтаумен, соның ішінде басқа оқу орындарына ауыстыруға көмектесемін және жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде бергені, сөйтіп азаматтардың ақшасын алдап алғаны анықталды.
Оның әрекетінен Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 1 млн 400 мың теңге.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті Алматы қаласында ұсталып, Орал қаласына жеткізілді және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар оның Қазақстанның басқа өңірлерінде осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз