Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы өтеді. Форумға Павел Дуров және әлемдік IT көшбасшылар қатысады.
2 қазан күні Астанада халықаралық технологиялық форум Digital Bridge 2025 ашылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Instagram парақшасында хабарлады. Іс-шараға спикер ретінде Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров та келеді.
Сол күні Астанада әлемдік деңгейдегі халықаралық жасанды интеллект орталығы — Alem.ai ресми түрде ашылады.
Форум аясында пленарлық отырыс өтіп, әлемдік IT көшбасшылары мен сарапшылары баяндама жасайды.
Олардың қатарында:
- Омар Султан Аль-Олама — БАӘ жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу істері жөніндегі мемлекеттік министрі;
- Илья Стребулаев — Стэнфорд университетінің профессоры;
- Кай-Фу Ли — Sinovation Ventures компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры;
- Питер Норвиг — Google компаниясының зерттеу жөніндегі директоры, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері;
- Павел Дуров — Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және бас директоры.
- Пленарлық отырыстың модераторы болып Solana Foundation президенті Лили Лю шығады.