Жақында ғана Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған боксшы Алуа Балқыбекова елге келе салысымен әкесіне қымбат көліктің кілтін ұстатты , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы блогер Бақытжан Ибрагим желідегі парақшасында жария етті.
«Алуа әкесіне көлік сыйлады», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары тілектерін жаудырып, Алуаға ризашылығын білдіріп жатыр.
"Алуа жарайсыз! құтты болсын! сіздей қызды өсіріп, тәрбиелеген әкеңізге көп рақмет!", "Жарайсың, қыз деген осы ғой!", деп жазды көпшілік.
Еске сала кетейік, Алуа Балқыбекова Ливерпульде өткен әлем чемпионатының алтын жүлдесын алды. Отандасымыз финалда түркиялық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Батырдың парақшасы???????? (@batyr_bloger)