Алматы облысында тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіруге басқа облыстардан Төтенше жағдайлар департаменті күштері тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram желісіндегі арнасында хабарланғандай, оқиға орнына төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әріновтің тапсырмасы бойынша Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Төрегелдиев келді. Іс-қимылдарды үйлестіру оқиға орнында да, ТЖМ Командалық орталығынан да жүргізіліп жатыр. Полигонда өртті сөндіру жұмыстарын тәулік бойы жүзеге асыратын жедел штаб құрылды.

"Өртті сөндіру үшін 6 учаске құрылды. Өрт орнында "Терең-Қара" өзенінен ашық су көзіне автомобиль-сорғы түтігін орнату арқылы магистральдық желі тартылып, суды үздіксіз жеткізу ұйымдастырылды. Бұл жұмыстарға 6 техника: бір автомобиль-сорғы жеңі және 5 автоцистерна жұмылдырылды", — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруді 10 метр тереңдіктегі бықсып жану және жел бағытының өзгеруі күрделендіріп отыр.

Өртті сөндіруге қосымша Алматы, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Жетісу және Абай облыстарының ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖМ Мартбек Мамраев атындағы 52859 және Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жұмылдырылды.

Барлығы 200-ден астам жеке құрам мен 90-нан астам техника жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шара ТЖМ күшімен тәулік бойы орындалуда. Күндіз-түні құтқарушылар ошақтарды инертті материалдармен толтырып, топырақты тығыздап жатыр. Бұл әдіс оттың бықсып жануына әсер ететін оттегіні толығымен бітеп, өрттің түпкілікті жойылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді дейді мамандар.

Айта кетейік, бұған дейін Алатау әкімдігі тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт салдарынан қалада жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялауды шешкенін хабарлағанбыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті (@112kzalmatyobl_tjd)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз