2025 жылғы 16 қыркүйекте, сағат 18:00-ден кейін Алматыда 10 балға жеткен кептелістер байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2ГИС" қосымшасының дерегіне сүйенсек, кептеліс қаланың дерлік барлық бөлігінде қалыптасқан.
10 балдық кептелістің ықтимал себептері:
- ауа райының нашарлауы;
- жолдардағы жөндеу жұмыстары.
Айта кетейік, Алматыда сейсенбі күні шамамен сағат 17:00-де жеңіл жаңбыр жауды. Кейін қаладағы кейбір аудандарда жауын күшейген.