"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі алдағы сәрсенбі, 2025 жылғы 17 қыркүйекте республика аумағындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжам бойынша, түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында -1°C-қа дейін үсік күтіледі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан найзағайлы жауын-шашын өтеді. Тек батыс пен оңтүстік-батысқа солтүстік-батыс антициклонының сілемі әсер етеді, ол жақта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – дауылды жел, солтүстік-батыс пен орталықта түнгі және таңғы сағаттарда – тұман түседі", — деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі бар:

  • Жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, орталығы және солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде;
  • Төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында.