Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жүзден астам киік қырылып қалды , деп хабарлайды 24kz.

Мамандардың айтуынша, ақбөкендер «Ырғыз-Торғай» резерватынан шығып, оңтүстікке, қысқы жайылымға қарай бет алған сыңайлы. Қайрақты өзеніндегі өткел тарлық етіп, жануарлар бірін бірі таптап кеткен болуы керек. Сол жерден 60 теке мен 48 аналық киіктің өлексесі табылды. Қазір ветеринарлар мен экологтар жағдайды анықтауға кірісті. Қырылған жануарлардың өлексесі судан шығарылып, жойылды.

Әділгерей Әуелбаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

- 10 мың бас киік сол жерден өткен. Өткен кезде қазір судың азаюына байланысты сондай өткелдерде, қарасуларда, үлкен терең суларда су қалып қояды Содан су ішуге келгенде екінші жақ басы қамыс үлкен жар, содан өте алмай қалған. Негізгі біздің нақты тұжырым сондай.