Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха үкіметтегі баспасөз мәслихаты кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшісінен жүкті болған 15 жастағы қыздың оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер министр орынбасарынан Жамбыл облысында кәмелетке толмаған қыздың қатысуымен болған оқиғаның мән-жайын білмек болып, бірқатар сұрақ жолдады. Олар әскери қызметшіге қандай шара қолданылғанын сұрады.
Вице-министр оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Біріншіден, ол — бұрынғы әскери қызметші. Екіншіден, қылмыстық іс қозғалды. Білуімше, ол қамауға алынды. Қылмыстық іс аяқталған соң бәрін білесіздер", — деді Игорь Лепеха.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз