Елордада сот блогер Ерболат Жанабыловтың ісі бойынша қаулы шығарды. Іс әкімшілік баппен емес, қылмыстық баппен қайта сараланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сот Ерболат Жаyабыловқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігімен қозғалған іс бойынша өндірісті қылмыстық істің болуына байланысты қысқарту туралы қаулы шығарды. Іс Астана қалалық Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді", — деді судья.

Судьяның айтуынша, сот блогер Жанабыловтың әрекетінен заңсыз кәсіпкерлікті көргендіктен іс қайта саралануы керек деп шешкен.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз