Қала бойынша 6331 жер үй орналасқан. Олардың жартысынан астамы қазірдің өзінде орталық жылу жүйесіне қосылып үлгерген.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Екібастұз қаласында биыл орталықтандырылған жылуға қосу 10 қыркүйектен бастап жүргізіліп жатыр. Нысандарға жылу беру кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Барлық үйлер мен мекемелер толық қосылып болған соң ғана жылу параметрлері көтеріледі.

-Бекітілген жоспарға сәйкес, жылу беру маусымын бастадық. 10 қыркүйектен әлеуметтік нысандарға кезең-кезеңмен жылу беріліп жатыр. 15 қыркүйектен жер үйлер кезең-кезеңімен жылумен қамтамасыз етіледі. Ал 20 қыркүйектен көпқабатты тұрғын үйлерге жылу жібереміз, — деп хабарлады қала басшысы Аян Бейсекин.

Кеншілер қаласында 6331 жер үй бар. Бүгінде соның 3400-іне жылу берілген. Ал әлеуметтік мекемелерден тек 5 нысан ғана қосылмаған.