Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылы маңынан бірегей жәдігер — мамонт жіліншігі табылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл олжаны Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Әсет Шайкин балық аулап жүріп кездейсоқ тауып алған. Кейін оны әйгілі археолог Анатолий Плешаковқа тапсырған. Тарихшының айтуынша, ежелгі жануардың қалған бөліктері топырақтың астында болуы мүмкін.
gov.kz
"Табылған олжа өте ірі жануарға тиесілі. Оның жасын біз жоғарғы палеолит дәуіріне жатқызамыз. Бұл шамамен 15 мың жыл бұрын. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан ежелгі жануарлардың қалдықтары табылған. Келесі жылы табылған жерден шұңқыр қазып көреміз. Егер сол жерден қаңқа мен құрал-саймандарды тапсақ, бұл біздің аумақтағы алғашқы палеолит ескерткіші болмақ", – деді Анатолий Андреевич.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!