Bereke Bank Орталық Азияда бірінші болып заңды тұлғаларға арналған халықаралық экспресс-аударым сервисін іске қосты.

Енді қазақстандық компаниялар Bereke Business интернет-банкингі арқылы USD және EUR валюталарында шетелдегі серіктестеріне жылдам әрі оңай ақша жібере алады.

Аударымдар 15 минуттан бастап жүзеге асырылады. Қызмет қауіпсіз, құжат талаптары жеңілдетілген, ал шарттар – ашық әрі түсінікті.

«Біздің мақсат – қазақстандық бизнесті қолдап, оларды жылдам әрі сенімді шешімдермен қамтамасыз ету. Mastercard-пен бірлесіп, халықаралық аударымдарды жеңіл әрі қолжетімді еттік», – дейді , Bereke Bank-тің цифрлық өнімдер жөніндегі атқарушы директоры Гүлмира Ақинбашина.

Bereke Business арқылы бизнес не істей алады?

  • Шетелдік серіктестермен есеп айырысады;
  • Жеткізушілерге төлем жібереді;
  • Жедел халықаралық төлемдер жасайды.

Ақша жіберуге болатын елдер:

  • B2B (компания → компания): Қытай, АҚШ, Эквадор және Еуропаның 35 елі (мысалы, Германия, Франция, Италия және т.б.)
  • B2P (компания → жеке тұлға): АҚШ, Эквадор, Еуропаның 35 елі

Аударым лимиттері:

  • Жеке тұлғаларға: 25 000 АҚШ долларына дейін
  • Компанияларға: 100 000 АҚШ долларына дейін

Қызметтің 5 басты артықшылығы:

  1. Кей бағыттарда ақша бірден түседі
  2. Онлайн-аударымдар – кез келген жерден
  3. Географиясы кең – 40-тан астам ел, соның ішінде Еуропа, Қытай, АҚШ
  4. Mastercard – сенімді халықаралық төлем жүйесі
  5. Түсінікті тарифтер мен ашық шарттар

Bereke Business – бұл тек интернет-банкинг емес, кәсіпкерлерге арналған толыққанды цифрлық платформа. Қазір банк 100 мыңға жуық бизнес-клиентке қызмет көрсетеді.

Ал Mastercard жаһандық экономикада сенімді транзакциялар мен цифрлық төлемдер арқылы кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.