Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, энергия өндіруші ұйымдар тобы "Aksa Energy Qyzylorda (Ақса Энерджи Қызылорда)" ЖШС жаңа энергия өндіруші ұйымымен толықтырылып, 47 топқа енгізілді.

Осыған байланысты, энергия өндіруші ұйымдардың 47-ші тобына енгізілген нарықтың жаңа субъектісі үшін тиісті шекті тариф белгіленеді.

Министрлік осы субъект үшін шекті тарифті бекіту бірыңғай сатып алушының бағасына әсер етпейтінін атап өтті, себебі бұл станция әлі пайдалануға берілмеген.

Бұл ретте электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес жаңа энергия өндіруші ұйымның топқа қосылуға және пайдалануға берілгенге дейін шекті тарифті бекітуге құқығы бар.

"Жалпы, пайдалануға берілгеннен кейін "Aksa Energy Qyzylorda (Ақса Энерджи Қызылорда)" ЖШС станциясы елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағында электр энергиясының тапшылығын жабу үшін жұмыс істейтінін атап өткен жөн",- делінген ақпаратта.

Түзетілген тарифтерді қолданысқа енгізу мерзімі 2025 жылғы 1 қазаннан бастап жоспарланып отыр

Құжат 29 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.