Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында әлемдегі ең ұзын керме көпір көлік қозғалысына ашылды. Бұл көпір Чанчжоу мен Тайчжоу қалаларын байланыстырып, жол уақытын бір сағаттан 20 минутқа дейін қысқартты
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
South China Morning Post мәліметінше, Чантай-Янцзы көпірі ұзындығы 10,3 шақырымды, ал оның негізгі аралығы 1208 метрді құрайды. Бұл – өзен үстінен өтетін алғашқы көпір, онда жоғары жылдамдықты автожол, қарапайым автокөлік жолы және қалааралық теміржол бір конструкцияда біріктірілген.
Сурет: People’s Daily, China
Алты жыл бойы салынған жаңа нысан бірнеше бірдей рекорд орнатты. Ол:
- әлемдегі ең ұзын керме көпір,
- автомобиль мен теміржол қозғалысына арналған болат фермалы ең ұзын аралас аркалы көпір.
Көпір мұнараларының биіктігі 350 метрге жетеді – бұл шамамен 120 қабатты ғимаратқа тең. Мұнаралар болат пен бетоннан ромб тәрізді етіп жасалған – бұл олардың беріктігін арттырып, температура ауытқуына бейімделуіне мүмкіндік береді.
Сурет: People’s Daily, China
Көпірдің іргетасы Янцзы өзенінің қуатты ағысына төтеп беру үшін арнайы күшейтілген. Айта кетейік, Янцзы – әлемдегі ұзындығы бойынша үшінші өзен.