Қазақстан Бас прокуратурасында Түркиядан заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген бұрынғы құқық қорғау органы қызметкерінің экстрадициясы туралы Zakon.kz-ке хабарлады.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2015-2016 жылдары күдікті Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдардың бірінде басшылық қызметте жүріп, заңсыз ойын бизнесін "қорғағаны" үшін жүйелі түрде ақша алып отырған.
Қылмыстарды жасағаннан кейін ол қашып кетіп, жеті жыл бойы халықаралық іздеуде болды.
2024 жылғы қаңтарда күдікті Түркияның Измир қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін отанына экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамауға алынды.
Бас прокуратурада атап өткендей, қылмыстық топтың басқа қатысушылары түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Енді оған тағылған айыптар үшін қылмыстық заңнамада 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.