Бокстан Қазақстан құрамасы Ливерпульдегі әлем чемпионатында 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль

Ливерпульде (Англия) өткен World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардан соңғы болып Айбек Оралбай финалдық жекпе-жегін өткізді. 90 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алтын үшін өткен айқаста Оралбайды өзбекстандық Джахонгир Зокиров күтіп тұрды. Оны көпшілік "Баходир Жалоловтың ізбасары" деп атайды. Тартысты өткен жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына 3:2 есебімен аяқталды.

Осылайша, Айбек Оралбай әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, ал Джахонгир Зокиров әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Ал, бұған дейін қазақстандық бұрымды боксшы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. 70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова қарсылас шақ келтірмеді. Отандасымыз ақтық сында Лекеиша Перголитимен Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Наталья Богданова еш қиындықсыз қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық медальдық есепте бірінші орынға иа болды. Ал Өзбекстан 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен екінші орынға ие болды. 2 алтын, 1 күміс,1 қола медаль иеленген Үндістан құрамасы үздік үштікті түйіндеді.