Ел қоржыны төртінші алтын медальмен толықты.
Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті.
Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде өзбек боксшысы Навбахор Хамидованы жеңді.
Алғашқы екі раунд өзбек қызының пайдасына аяқталды. Дегенмен Аида үшінші раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті жұлып әкетті. Осылайша Аида 2025 жылы екі дүркін әлем чемпионы атанды.