Непалда бүлік салдарынан 72 адам қаза тауып, 190-нан астамы жараланды.

Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. Шеруге әлеуметтік желілерге салынған тыйым мен халықтың жемқорлық пен мемлекеттік қаржының тиімсіз жұмсалуына байланысты наразылығы себеп. Бейбіт шеру тәртіп сақшыларымен қақтығыс пен вандализмге ұласты. Қазір Катмандуда жағдай біршама тұрақталды. Дүкендер мен нысандар қайта ашылып, жұмысын жалғастырып жатыр.