Өрт өршіп кеткен еді, деп хабарлайды inbusiness .kz сайты.
Бүгін Нұра ауданындағы Үркер тұрғын алабы, Хамза Есенежанов көшесінде бір қабатты ғимараттың шатыры 280 ш.м. алаңда өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде ашық жану және шатырдың құлауы орын алды.
Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт орнынан 5 газ баллоны шығарылып, жарылыстың алдын алды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.