Иван Дычко тәжірибелі америкалық боксшыға қарсы шаршы алаңға шығады.

13 қыркүйектен 14 қыркүйекке қараған түні, АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында ірі бокс кеші өтеді. Бұл кеште мексикалық супержұлдыз Сауль Альварес (63-2-2, 39 КО), ал андеркардында жеңіліп көрмеген қазақстандық Иван Дычко (15-0, 14 КО) рингке шығады. Басты жекпе-жек 35 жастағы мексикалық Альварес пен 37 жастағы америкалық Теренс Кроуфордтың (41-0, 31 КО) титулдық жекпе-жегі болмақ. Кездесуде Канелоның екінші орта салмақтағы IBF, WBC және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулері сарапқа салынады.

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (15-0, 14 KO) да Лас-Вегаста (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Джермейн Франклин (23-2, 15 KO). Кездесу он раундқа жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, Иван Дычко соңғы рет шілде айында рингке шығып, америкалық Самуэль Кроссені (11-5-1, 7 KO) нокаутпен жеңген болатын.