Биыл қазанның соңынан бастап "Алматы – Саратов" бағытының вагондары Мәскеуге дейін баратын пойызға жалғанады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі өкілдерінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, биыл 26 қазаннан бастап "Алматы – Мәскеу" тікелей теміржол бағыты іске қосылады.

Вагондар №7/8 "Алматы – Саратов" пойызының құрамымен "Саратов" стансасына дейін жүреді, одан әрі №85/86 "Дербент – Мәскеу" пойызына жалғанып, "Мәскеу" станциясына дейін барады.

"Алматы-Мәскеу" тікелей вагондары күнара жолға шығады. Оның құрамында бір купе және бір плацкарт вагоны болады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз