2025 жылғы 26 мамырда Жетісу өңірінде жабайы табиғат аясына төрт бүркіт ұшырылды , деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің дерегіне сүйсенсек, Жетісудағы "Сұңқар" жыртқыш құс бағында өсірілген төрт бүркіт табиғатқа жіберілді. Бұл сирек кездесетін түрлерді сақтау және табиғи тепе-теңдікті сақтаудағы маңызды қадам.
Шара биологиялық әртүрлілікті сақтау және жабайы табиғатта жыртқыш құстардың санын қалпына келтіру жұмыстары аясында өткізілді.
"Құстарды тәлімбақ мамандары тәуелсіз өмірге дайындады, енді олар аймақтың экожүйесінде өз орнын алатын болады",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Шымкентте түйеқұсты тепкен ер адамның видеоға түсіп қалғандығы хабарланған болатын.