Бұған дейін " Tulip Hall" аталып келген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында жаңа Конгресс-холдың қызметімен танысып, аталған нысанға оң бағасын берген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, бұл ғимараттың руханият пен мәдениеттің орталығына айналуы тиіс екенін атап өткен еді.

Президент атауға ерекше мән беру қажеттігін айтып, шетелше атаудың орнына ұлттық нақыштағы "Қызғалдақ" атауын ұсынған болатын.