Әділет министрі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығымен "Цифрлық ипотека" жобасы аясында жылжымайтын мүлікті (екінші тұрғын үйді) сатып алу-сату бойынша нотариаттық мәмілелерді онлайн ресімдеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.

Сонымен бірге "Цифрлық ипотека" жобасы аясында жылжымайтын мүлікті (екінші тұрғын үйді) сатып алу-сату бойынша нотариаттық мәмілелерді онлайн ресімдеу алгоритмі бекітілді.

Мәмілені ресімдеу шарттары мен тәртібі

1-қадам. Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін өтінім беру

Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін сатып алушы банктың ресми сайтында/мобильді қосымшасында/платформасында:

  • "Цифрлық ипотека" кредиттеу бағдарламасын таңдайды;
  • "Екінші тұрғын үй" өнімін таңдайды;
  • өнімнің шарттары мен талаптарымен танысады;
  • онлайн кредиттік калькулятор формасына қажетті барлық параметрлерді енгізеді:
  • тұрғын үйдің құны;
  • бастапқы жарна сомасы;
  • қарыз мерзімі;
  • қарызды өтеу әдісі;
  • сатып алушыға ай сайынғы төлемнің алдын ала сомасы автоматты түрде есептеліп көрсетіледі.

Шарттармен танысқаннан кейін, қарыз алуға шешім қабылдаған жағдайда сатып алушы:

  • келесі кезеңге өтеді;
  • телефон нөмірі мен ЖСН деректерін енгізеді;
  • жеке басын растау, ағымдағы шот ашу үшін қажетті барлық өтініштер/келісімдердің шарттарын, соның ішінде жеке деректерді жинау және өңдеуге келісімді қарайды;
  • "Өтінім беру" батырмасын басады;
  • әрекетті растау үшін SMS-хабарламамен келген кодты алады;
  • SMS-тен кодты енгізу арқылы өтініштерді, Банк/платформа келісімдерін және жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісімді растауды жүзеге асырады.

Егер сатып алушы банк сайтында өтінімді толтыруды бастаған болса, онда несие рәсімдеудің келесі қадамдары банктың мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі. Ол үшін сайтта QR-код көрсетіледі, сатып алушы сол кодты сканерлеу арқылы мобильді қосымшаға өтіп, "Белсенді өтінімдер" бөлімінен өзінің өтінімін таба алады.

Одан кейін өтінім белгіленген ережелер мен банк/платформаның кредиттік саясатына сәйкес ішкі және сыртқы тексерулерден өтіп, өңдеуге жіберіледі.

2-қадам. Несие берудің алдын ала шарттары

Тексерулер сәтті аяқталған жағдайда сатып алушыға ипотекалық тұрғын үй несиесін алудың алдын ала шарттары көрсетіледі:

  • несие сомасы;
  • бастапқы жарна мөлшері;
  • сыйақы мөлшерлемесі;
  • несие мерзімі;
  • ай сайынғы төлем сомасы;
  • артық төлем сомасы.

Егер сатып алушы сұратқан шарттар бойынша оң шешім қабылданбаса, банк/платформа оған балама нұсқаны ұсынады. Сатып алушы ол ұсынысты қабылдаудан бас тартуға немесе несиені рәсімдеу процесін жалғастыруға құқылы.

Банк/платформадан алдын ала шешім алғаннан кейін сатып алушы сатып алынатын тұрғын үйді іздеу шараларын жүргізе алады.

3-қадам. Сатып алынатын жылжымайтын мүлік

Сатып алушы:

  • "Сатып алынатын жылжымайтын мүлік туралы ақпарат" бөлімінде пәтерге қатысты деректерді (мекенжайы, техникалық сипаттамалары), сондай-ақ сатушының деректерін (ЖСН, телефон нөмірі) енгізеді;
  • сатушының деректерін енгізгеннен кейін "SMS-хабарлама жіберу" батырмасын белсендіреді;

сатушының ұялы телефонына жеке басын және сатылатын мүлікке құқықтарын растау үшін сілтемесі бар SMS-хабарлама жіберіледі.

Сатушы:

  • SMS-хабарламадағы сілтемеге өтеді;
  • жеке басын растау, ағымдағы шот ашу және жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру үшін қажетті барлық өтінімдер мен келісімдер шарттарымен танысады;
  • әрекетті растау үшін SMS-код алады;

SMS-кодты енгізу арқылы өтінімдерге, банк/платформа келісімдеріне және жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісімін береді.

Сатушы ұсынылған шарттармен келіспеген жағдайда бас тарту құқығына ие. Бұл жағдайда сатып алушы басқа жылжымайтын мүлікті іздеуді жалғастыра алады.

Жылжымайтын мүлікке қатысты:

  • құқықтардың (соның ішінде кепіл, тыйым салу, арест, мүлікті иеліктен шығаруға шектеу түріндегі ауыртпалықтардың) болмауы;
  • сатушының меншік құқығы
  • расталуы үшін ЕГКН-нен тіркелген құқықтар мен техникалық сипаттамалар туралы мәліметтер автоматты түрде алынады.

Тексеру және рәсімдер сәтті аяқталған жағдайда жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын айқындау бойынша шаралар жүргізіледі.

ЕГКН-нен және сатып алушыдан алынған деректер негізінде өтінім тәуелсіз бағалаудан өткізіледі. Бағалаушы жылжымайтын мүлікке қатысты бағалау есебін дайындайды.

Одан кейін банк/платформаның кепіл қызметі өтінімді қарап, кепілмен қамтамасыз ету туралы қорытынды жасайды.

4-қадам. Банк/платформаның түпкілікті шешімі

Сатып алушыға Банк/платформаның қарызды мақұлдау туралы түпкілікті шешімі мен шарттары көрсетіледі. Онда мыналар қамтылады:

  • тұрғын үйдің құны;
  • жылжымайтын мүліктің бағалауы;
  • қарыз сомасы;
  • бастапқы жарна мөлшері;
  • сыйақы мөлшерлемесі;
  • қарыз мерзімі;
  • ай сайынғы төлем көлемі;
  • артық төлем сомасы;
  • өтінімнің қолданылу мерзімі.

Сатып алушы "Шарттармен келісемін" батырмасын басу арқылы Банк/платформаның шешіміндегі шарттарды қабылдағанын растайды.

Келіспеген жағдайда сатушы ұсынылған шарттардан бас тарта алады.

Одан кейін сатып алушы:

  • қарызды өтеудің кейінгі күнін таңдайды;
  • өтінімді қарау комиссиясын төлеу үшін:
  • "Төлеу" батырмасын басады;
  • төлем бетіне өтеді;
  • карта деректерін, телефон нөмірін және электрондық поштасын енгізеді;
  • төлемді жүзеге асырады.

Егер Біржолғы зейнетақы төлемі пайдаланылатын болса, тиісті батырманы басады.

5-қадам. Сатып алу-сату шартын ресімдеу

Жылжымайтын мүлікті сатып алу мәміле түрін таңдау:

Оффлайн мәмілені ресімдеу.

Онлайн мәмілені ресімдеу:

  • Сатып алушы "Онлайн мәмілені ресімдеу" түрін таңдағанда Банктың/платформаның ресми сайтына/мобильді қосымшасына өтеді.
  • телефон нөмірі мен ЖСН автоматты түрде толтырылған бет ашылады;
  • бейнеидентификациядан өтеді;
  • жылжымайтын мүлік деректерін толтырады (кадастрлық нөмірі/мекенжайы/мекенжайдың тіркеу коды);
  • жылжымайтын мүлік құнын көрсетеді;
  • сатушының телефон нөмірін енгізеді;
  • "SMS-хабарлама жіберу" батырмасын басып, өтінімді сатушыға жолдайды.

Қажет болған жағдайда тиісті батырманы басып, өтінімді болдырмауына болады.

Сатып алушы көрсеткен телефон нөміріне сатушыға өтінімді растау үшін сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді.

Әрі қарай сатушы:

  • сілтеме арқылы өтеді;
  • жылжымайтын мүлікке қатысты көрсетілген ақпаратты тексереді;
  • мәміле шарттарын қарайды;
  • бейнеидентификациядан өтеді;
  • цифрлық жеке куәлікті көруге қолжетімділікті беру қадамына өтеді;
  • "Цифрлық құжатты алу" батырмасын басады;
  • "Қол қою" батырмасын басқаннан кейін бұлттық ЭЦҚ пайдалану арқылы әрекетті растау үшін SMS-хабарламамен код алады;
  • қажет болса, өтінімді болдырмауына болады;
  • мүлікті иелену құқығын растайтын құжаттарды (сатып алу-сату шарты, жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты) жүктейді;
  • "Растау" батырмасын басып, мәмілені онлайн тіркеу үшін бейнеқоңырауға сілтеме бар SMS-хабарламаны күтеді.

Сатып алушы:

  • цифрлық жеке куәлікті көруге қолжетімділікті беру қадамына өтеді;
  • "Цифрлық құжатты алу" батырмасын басады;
  • "Қол қою" батырмасын басқаннан кейін бұлттық ЭЦҚ пайдалану арқылы әрекетті растау үшін SMS-хабарламамен код алады;
  • қажет болған жағдайда тиісті батырманы басып, өтінімді болдырмауына болады.

Мәміле жасалған кезде нотариус мемлекеттік деректер қоры "Жеке тұлғалар" ЕНИС арқылы, АХАТ ақпараттық жүйесі және некені тіркеу туралы куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат негізінде жұбайлардың некелік қатынастарын тексереді.

Егер нотариалдық қызмет алу үшін жүгінген тұлға некеде еместігі туралы өтініш берсе, нотариус сондай-ақ мемлекеттік деректер қоры "Жеке тұлғалар" ЕНИС және АХАТ ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген некенің бар-жоғын тексереді (Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген некеден басқа жағдайларда).

Мәміле қатысушылары:

  • Егер бар болса, жұбайының телефон нөмірі мен ЖСН деректерін енгізеді;
  • "SMS-хабарламаны жіберу" батырмасын басқан соң, өтінім жұбайына жолданады;
  • қажет болған жағдайда тиісті батырманы басып, өтінімді болдырмауына болады;
  • егер некеге қатысты деректер қате болса, оларды "электрондық үкімет" порталындағы АХАТ ақпараттық жүйесінде өзектендіру қажет;

Жұбайына мәміле қатысушысы көрсеткен телефон нөміріне растау үшін сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді.

Одан әрі жұбайы:

  • көрсетілген ақпаратты тексереді (жылжымайтын мүлік бойынша);
  • келісім-шарттардың шарттарын қарайды;
  • "Жалғастыру" батырмасын басып, жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім береді;
  • SMS-хабарламадағы бір реттік кодты енгізеді;
  • бейнеидентификациядан өтеді;
  • цифрлық жеке куәлікті көруге қол жеткізу қадамына өтеді;
  • "Цифрлық құжатты алу" батырмасын басады;
  • "Келісімді алу" батырмасын басқаннан кейін ЕНИС интерфейсіне өтеді.
  • Егер сатып алушы некеде болса, онда сатып алушының жұбайына да осы процеске өту үшін сілтемесі бар SMS-хабарлама жіберіледі.
  • Алдыңғы қадамды сәтті өткеннен кейін сатып алушы жылжымайтын мүлікті қайта рәсімдеу төлемін жүргізу бетіне өтеді:
  • "Төлеу" батырмасын басады;
  • қажет болған жағдайда тиісті батырманы басып, өтінімді болдырмауына болады;
  • төлем бетіне өтеді;
  • карта деректерін, телефон нөмірі мен электрондық поштасын енгізеді;
  • төлем жасайды.

Сәтті төлем жасалғаннан кейін сатып алушы нотариусты таңдау бетіне өтеді:

  • ашылмалы тізімнен нотариусты таңдайды;
  • "Растау" батырмасын басады;
  • бейнеқоңырау өткізу күні мен уақытын таңдайды;
  • "Өтінімді жіберу" батырмасын басады.
  • Одан әрі Банк/платформа нотариусқа алдағы мәміле туралы SMS-хабарлама жібереді.

Нотариус:

  • жеке кабинетін ашады;
  • телефон нөмірі мен бір реттік құпиясөз арқылы авторизациядан өтеді;
  • "Нотариус ЖК" батырмасын басады;
  • бейнеидентификациядан өтеді;
  • бейнеқоңыраудың уақытын және күнін келіседі;
  • "Қабылдау" батырмасын басады;
  • қажет болған жағдайда "Өзгерту" батырмасы арқылы уақыт пен күнді ауыстыра алады.
  • Нотариус бейнеқоңырауды растағаннан кейін мәміле қатысушылары:
  • Банк/платформадан бейнеқоңырауға сілтемесі және сатып алу-сату шартының үлгісі бар SMS-хабарлама алады (шарттың үлгісі мәміле барысында нотариуспен түзетілуі мүмкін);
  • бейнеидентификациядан өтеді.

Белгіленген уақытта нотариустың "Бейнеқоңырауды бастау" батырмасы қолжетімді болады. Одан әрі:

  • "Бейнеқоңырауды бастау" батырмасын басады;
  • компьютерде камера мен микрофонды пайдалануға рұқсат береді;
  • бейнеқоңырауды жазуды бастау үшін "Жазуды бастау" батырмасын басады;
  • бейнеконференцияға арналған қосымша терезе ашылады;
  • мәміле қатысушылары SMS арқылы келген сілтеме арқылы қосылады.
  • Бейнеқоңырау барысында нотариусқа қолжетімді құжаттар:
  • банк/платформадан кепілдік хаты;
  • тараптардың жеке куәліктері;
  • сатып алу-сату шартының үлгісі (түзетілуі мүмкін);
  • диспансерлік есептегі жағдайы;
  • отбасылық жағдайы.

Одан кейін:

  • нотариус тараптардың деректерін, жылжымайтын мүлік туралы мәліметтерді, сатып алу-сату шартының деректерін өтінім және нотариус жүйесіндегі деректермен салыстырып оқиды;
  • тараптарға мәміле жобасының мәнін түсіндіреді, оның мазмұны тараптардың нақты ниеттеріне сәйкес келетінін және заң талаптарына қайшы еместігін тексереді;
  • сатып алу-сату шартын дауыстап оқиды (қажет болса түзетулер енгізеді);
  • сатып алу-сату шартын сақтайды.

Егер нотариустың мәміле тараптарының әрекет қабілеттілігіне күмәні болса немесе басқа себептер туындаса (мысалы, тараптардың мәміледен бас тартуы), нотариус тиісті батырманы басып, өтінімді болдырмауы мүмкін.

Барлық деректер сәтті тексерілгеннен кейін нотариус:

  • "Сатып алу-сату шартын бекіту және қол қоюға жіберу" батырмасын басады (ЕНИС жүйесінде қара жоба құрылады).
  • Содан соң тараптар нотариуспен бейнеқоңырау кезінде:
  • сатып алу-сату шартын қол қою қажеттігі туралы SMS-хабарлама алады;
  • сілтеме арқылы өтіп, шартпен қайта танысады;
  • қажет болған жағдайда өтінімді болдырмауы мүмкін;
  • бұлттық ЭЦҚ арқылы бейнеидентификациядан өтіп, сатып алу-сату шартын қол қояды;

SMS арқылы келген бір реттік кодты енгізіп, бұлттық ЭЦҚ-ны пайдалану арқылы әрекетті растайды.

Сатып алу-сату шартына сатушы мен сатып алушы қол қойғаннан кейін, банк/платформа нотариусқа шарттың қол қойылғаны туралы SMS-хабарлама жібереді.

Одан кейін нотариус:

жеке кабинетке кіріп, мәміле қатысушыларының әрқайсысының жанында "Сатып алу-сату шартына қол қойылды" деген белгі тұрғанына көз жеткізеді;

"Қол қойылған сатып алу-сату шартын куәландыру" батырмасын басады.

Сатып алу-сату шартына барлық қатысушылар қол қойғаннан кейін нотариусқа "Тіркеу" батырмасы қолжетімді болады. Бұл батырманы басқан кезде Банк/платформа мәміле расталғаны туралы мәртебені ЕНИС жүйесіне жолдайды.

ЕНИС жүйесінде жазба сәтті расталғаннан кейін нотариус:

  • "Сатып алу-сату шартын ЕНИС-ке жіберу" батырмасын басады;
  • сатып алу-сату шартының PDF файлын, құжаттың хэшін және мәміле қатысушыларының электрондық қолтаңбаларын ЕНИС-ке жолдайды.
  • Нотариус құжатты ЕНИС жүйесінде нотариаттық іс-әрекеттер тізіліміндегі деректермен бірге тіркейді.
  • PDF файл ЕНИС-ке сәтті берілгеннен кейін нотариус:
  • жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу үшін өтінім жібереді;
  • ЕНИС-тен код алады.

Кодты алғаннан кейін нотариус:

  • "Сатып алу-сату шарты ЕГКН-ға жіберілді" батырмасын басады.
  • Банк/платформа:
  • ЕНИС-тен код алады;
  • төлемді 3 бөлікке бөледі (тіркеу үшін төлем, нотариус қызметі, банк/платформа комиссиясы).

Содан кейін Банк/платформа ЕГКН-нан сатып алушының атына жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет алады.

Қадам 6. Құжаттарға қол қою

Құжаттар қалыптастырылып, тексерілгеннен кейін Банк/платформа сатып алушының телефонына несие беру үшін құжаттарға қол қою қажеттігі туралы SMS-хабарлама жібереді.

Одан кейін сатып алушы:

  • сілтеме бойынша өтеді;
  • құжаттармен танысады (банктік кепіл шарты, кепіл шарты, өтеу кестесі, төлем тапсырмалары, банк өтініштері және сақтандыруға келісім);
  • ЭЦҚ арқылы қол қояды;
  • әрі қарай банк/платформа сайтына өтіп, кепіл беруші 2 ретінде кепіл шартын ЭЦҚ арқылы қол қояды.

Егер тараптарда ЭЦҚ болмаса, "ЭЦҚ алу" батырмасын басу арқылы "электрондық үкімет" порталына өтіп, ЭЦҚ алуға болады.

Қадам 7. Несие беру

  • Өтінім рәсімдеу процесі сәтті аяқталғаннан кейін Банк:
  • несие сомасын сатып алушының ағымдағы шотына аударады;
  • сатып алушының ағымдағы шотынан сатушының ағымдағы шотына ақша аударады.

Жазбаларды сақтау Банктің/платформаның тарапында жүзеге асырылады, сақтау мерзімі – мәміле тіркелген күннен бастап 15 жыл.

Бұйрық 22 қыркүйектен бастап күшіне енеді және 12 ай бойы қолданылады.