Түркия астанасы Анкарада 4,1 балдық жер сілкінісі болды. Қорыққан тұрғындар үйлерінен қашып шыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жер сілкінісі Чанкая аймағында, ТRТ мемлекеттік телерадиокомпаниясының жанындағы үйлерде сезілді. Тұрғындар қорқып, көшеге шыққан.

Желіде қала тұрғындарының қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орталықтарынан жүгіріп сыртқа шыққан сәтінен видеолар да тарап жатыр. Дегенмен, қазіргі уақытта төтенше жағдай байқалмайды.

Апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 4,1, ал жер сілкінісі ошағы Калежик аймағында тереңдігі 11,08 шақырым жерде болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз