Шымкентте әлем чемпионатына дайындық кезінде ауыр жарақат алған қазақстандық ауыр атлет Карина Горичеваға күрделі ота жасалды. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хаабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, ауыр атлетикадан ел намысын қорғап жүрген спортшы Карина Горичева 2025 жылғы 23 тамызда жаттығу кезінде алған жарақатынан кейін №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген.
Инструменталды және зертханалық тексерулер жүргізілген соң, ол шұғыл түрде травматология және ортопедия бөлімшесіне жатқызылған.
Толық тексерулердің нәтижесінде оның Ахилл сіңірі үзіліп кеткені анықталған. 26 тамызда дәрігерлер үзілген сіңірді қалпына келтіру үшін ашық ота жасаған.
"Ахилл сіңірі – адам ағзасындағы ең ірі сіңір, ол тобық буынында орналасқан. Бұл аймақ спортшылар арасында ең жиі жарақат алатын нүктелердің бірі болып саналады.
Карина Горичева бөлімшеде симптоматикалық ем қабылдады. Жалпы жағдайы тұрақталғаннан кейін спортшы ауруханадан шығарылды", — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасы (@gorzdravshymkent)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз