Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 538,89 теңгені құрап, тағы 0,65 теңгеге көтерілді.
Рубль бағамы 6,31 теңгеге дейін төмендеді (-0,09).
Қытай юанінің орташа бағамы таңертеңгі саудада 75,65 теңге болды (+0,14).
Айырбастау пунктерінде доллар 538,9–541,3 теңге аралығында сатып алынып/сатылып жатыр, еуро – 630–634 теңге, рубль – 6,21–6,35 теңге.
Әлемдік нарықта мұнай бағасы 11 қыркүйектегі саудада төмендеуде.
ICE Futures электронды саудасында қараша фьючерстері Brent маркалы мұнайға 0,36%-ға арзандап, барреліне 67,25 долларды құрады.
Ал NYMEX электронды саудасында қазан айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,44%-ға арзандап, барреліне 63,39 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын – 538,2 теңге, еуроны – 629,64 теңге, рубльді – 6,34 теңге деңгейінде белгіледі.