Астанада лифтте қалып қойған 9 адам құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, бүгін елордада 112 қызметіне Сарыарқа ауданындағы Нұрғиса Тілендиев көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтте адамдар қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағы арнайы лифт кілтінің көмегімен кабинаның есігін ашып, 9 адамды босатты. Ведомстводағылардың айтуынша, оларға медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ қиын жағдайға тап болғандарға 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз