Ұлттық құраманың бас бапкері матчтарды кейінге шегеруді дұрыс емес деп санайды.

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Али Алиев Қазақстан чемпионатын еуропалық күнтізбе бойынша өткізу туралы ұсыныс білдірді.

"Инфрақұрылым қалыптасқан кезде, бірден жарыс жүйесін өзгерткен дұрыс болар еді. Біз екі күнде бір рет ойнауымыз керек, ал клубтар ойындарын кейінге қалдырмауы тиіс. Клубтар әрқашан осындай қарқында чемпионатта ойнауы керек. Өйткені біз бәрібір осыған келеміз. Егер біз Еуропаның бір бөлігі болсақ, онда еуропалық күнтізбе бойынша ойнауымыз қажет. Біз матчтарды үнемі кейінге қалдыра бермеуіміз керек. Өйткені ақыр соңында оның бәрі ұлттық құрамаға әсер етеді де, „өздерің шешіңдер“ деген жағдайға тап боламыз. Ойыншылар дағдыланбағандықтан, мұндай режимде қиналады. Ал егер біз аптасына үш ойын өткізетін болсақ, онда ойыншылар бабында болады. Мұны біз 23 жыл бұрын қабылдауымыз керек еді. Сондықтан қазір біз бұған сынақ пен қателік арқылы келеміз", - деді бапкер.

Айта кетейік, Әли Әлиев Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін мәлімдеді. Алайда оның отставкасы туралы ресми хабар әлі жасалған жоқ.