Қазақстандық кәсіпорындар бизнесті дамыту үшін жаңа құрал алды: Freedom Bank "Өрлеу" мемлекеттік бағдарламасы аясында елімізде бірінші болып ЖШС үшін цифрлық кредитті іске қосты. Енді микро, шағын және орта бизнес иелері батырмаға бірнеше рет басу арқылы үйден шықпай-ақ 12,6 пайыздық тұрақты қаржыландыруды ала алады. Қарыз кепілсіз және комиссиясыз беріледі.

Жеңілдетілген мөлшерлемемен онлайн-кредитке өтінім беру үшін corpcredit.bankffin.kz сілтемесіне өту қажет. Одан кейін компанияның БСН-ін, директордың ЖСН-ін және ұялы телефон нөмірін көрсету жеткілікті.

Кредит бойынша құжаттар автоматты түрде қалыптастырылады және электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қойылады. Өтінімді мақұлдау уақыты 3 сағатқа дейін, ал қаражатты аудару 24 сағат ішінде жүзеге асырылады.

Айналым қаражатын толықтыруға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы — 200 млн теңге, мерзімі — үш жылға дейін. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы кәсіпорындарға бағытталған.

“Цифрландыру бойынша тәжірибеміз көрсеткендей, автоматтандыру нарық қатысушыларының барлығына бағдарламаны барынша қолжетімді етеді. Мысалы, 7-20-25 бағдарламасында цифрлық ипотека ойын ережелерін өзгертті және біз осы бағдарлама аясында нарықтың 50 пайыздан астам үлесін иелендік.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі қарыздарға кәсіпкерлердің жоғары қызығушылығын байқап отырмыз. Freedom Bank пен ФРП "Даму" арасындағы ынтымақтастық туралы жариялағаннан кейін еліміздегі филиалдарымыз жүздеген өтініш қабылдады. Қолдауға деген ең жоғары қажеттілік ауылдық жерлердегі кәсіпорындарда екені айқын болды. Осыған байланысты біз “Өрлеу” бағдарламасы бойынша кредит алу процесін цифрландырып, оны компаниялар үшін барынша қолжетімді етуді мақсат еттік. Бұл жеңілдетілген қаражатты алуды оңайлатып, бағдарламаны бизнес үшін ыңғайлырақ етеді. Екі айдың ішінде банк 40 млрд теңгеден астам сомаға жобаларды мақұлдады және цифрландырудың арқасында бұл көрсеткішті едәуір арттырамыз деген сенімдеміз”, — дейді Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

“Даму” қоры үшін басты міндет — бизнестің дамуына қызмет ететін құралдарды жасау. “Өрлеу” бағдарламасы аясындағы цифрлық кредитті іске қосу — Freedom Bank-пен тиімді ынтымақтастықтың нәтижесі. Кредиттеуді цифрландыру бірқатар өзекті міндетті шешеді: мемлекеттік бағдарламалардың қолжетімділігін арттырады, қарыз беру процесін жеделдетеді, ең төмен еңбек шығындарымен шешім қабылдаудың айқындығын қамтамасыз етеді. Freedom Bank мұндай өнімді жүзеге асырғанына қуаныштымыз және өзге банктер де ұқсас сервистерді енгізеді деп үміттенеміз”, — дейді “Даму” Кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев.

*ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген №1.1.108 лицензиясы, 25.06.2024 ж.

**PR құқығында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз