Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жасөспірімнің көпқабатты үйдің шатырына қасақана кірпіш қойғаны көрініс тапқан .
Қарағанды облысында полицейлер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жасөспірімді анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Полиция жедел түрде оның жеке басын анықтап, 15 жастағы қала тұрғынын ата-анасының бірімен бірге бөлімшеге жеткізді.
Құқық қорғаушылардың мәліметінше, жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол мектеп есебіне қойылды. Ал оның заңды өкіліне қатысты "Кәмелетке толмағанның ұсақ бұзақылық жасауы" бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды.
Полиция мұндай әрекеттердің жолы қатаң түрде кесілетінін ескертіп, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген құқық бұзушы заң алдында жауап беретінін атап өтті.