Қазақстандық боксшы Елдана Тәліпова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының жүлдесіне ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 80 келіден жоғары салмақта жартылай финалға өтіп, қола медаль жүлдегері атанды.
Елдана Тәліпова ширек финалда жаңа зеландиялық Элин Даниэль Ли-Лоны айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) әлем чемпионатының жартылай финалына өтіп, алда күміс медальға таласатын болады.
Бұған дейін Төрехан Сабырхан мен Махмұд Сабырханның бокстан Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалға шығып, жүлдегер атанып үлгергендерін жазғанбыз.