Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматыда Төле би даңғылындағы ақша айырбастау пунктінің жанында қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Беймәлім ер адам қала тұрғынынан 13 миллион теңге көлеміндегі ақшаны тартып алған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті Алматы қаласының 39 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
"Оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қылмыс жасалған сәтте бейнежазбаларға түскен киімдер, ақшалай қаражат және басқа да заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның осыған ұқсас басқа да деректерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.