2025 жылғы 10 қыркүйекте Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарды жұмыстан қорықпауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер министрден: "Қазақстандықтар ең төменгі жалақыны алмау үшін не істеу керек?" – деп сұрады.

"85 мың теңге алмау үшін не істеу керек? Кеңес біреу ғана. Біріншіден, оқу керек. Екіншіден – еңбек ету керек, біліктілікті үнемі арттырып, жоғары ақы төленетін жұмысқа ауысу қажет", – деп жауап берді Светлана Жақыпова.

Егер адам жұмыс істей алмаса, мысалы, кішкентай баланы күтіп отырған жағдайда, мемлекет әлеуметтік қолдау көрсететінін айтты министр.

"Арнайы әлеуметтік жәрдемақылар төленеді, тіпті атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы мүмкін. Егер азаматтар осындай жағдайда болса, уәкілетті органдарға жүгінуі қажет. Сол жерде қажетті құжаттарды қалай рәсімдеуге болатынын түсіндіреді", – деп түйіндеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Бұған дейін Светлана Жақыпованың блогердің аутизмі бар балаларға қатысты мәлімдемесіне жауап бергенін жазғанбыз.