2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге жеткен.
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, осы уақыт ішінде теңізге 5 млрд текше метр су жіберілген. 2025 жылы теңіздегі су көлемін 20,6 млрд текше метрге жеткізу көзделген. Бастапқы жоспар бойынша 2030 жылға қарай Солтүстік Аралдың көлемі 27 млрд текше метрге жетуі керек.
«Қазір Дүниежүзілік банктің гранты есебінен Солтүстік Аралды сақтау жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың пікірін ескеріп, Ақшатау және Қамыстыбас көл жүйелеріндегі су деңгейін тұрақтандыру үшін су торабын салып, Көкарал бөгетін 2 метрге ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатыр. Жоба Солтүстік Аралдағы судың көлемін арттыруға және сапасын жақсартуға, Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіруге, теңіз түбінен тұзды шөгінділердің ұшуын азайтуға, Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытуға және жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған», — деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.