АҚШ президенті Дональд Трамп Израильдің Катарға жасаған соққысына өзінің қатысы жоғын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бүкіл жауапкершілікті Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жүктеді. Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
"Мен шабуылдан кейін премьер-министр Нетаньяхумен сөйлестім. Премьер-министр маған бейбітшілік орнауын қалайтынын айтты. Мен бұл қайғылы оқиға бейбітшілікке жол ашуы мүмкін деп санаймын. Сондай-ақ Катар әмірі мен премьер-министрімен сөйлестім, оларға елімізге көрсеткен қолдауы мен достығы үшін алғыс білдірдім. Мен оларға мұндай жағдай енді қайталанбайтынына сендірдім," — деп жазды Дональд Трамп.
Бұған дейін Израильдың Дохаға әуеден жасаған шабуылына байланысты тың мәліметтер пайда болғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қыркүйекте Дохадағы Израиль билігінің жасаған әскери әрекетін айыптаған болатын.