Алматы полициясы аутизмі бар балаларға қарсы жасалған теріс мазмұндағы үндеулерге байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдағы үйлердің бірінің ауласында аутизмі бар жасөспірімнің кішкентай баланы жерге көтеріп лақтыру оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде тіпті "аутизмі бар балаларды өлтіруге" шақыру жазбасы пайда болды. Бұл туралы "Аутизм Қазақстан" ассоциациясы мәлімдеді.
"AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық Қауымдастығына" ерекше балалардың ата-аналарынан блогер Р. Ж.-ның әлеуметтік желідегі жазбасына байланысты көптеген шағым келіп түсті. Ол Алматыда 2025 жылдың 23 тамызында болған қайғылы жағдайға қатысты жарияланған жазбаның астына пікір қалдырған. Онда 13 жастағы жасөспірімнің (ресми диагноз көрсетілмеген, даму ерекшелігі болуы мүмкін) әрекеті салдарынан екі жасар бала зардап шеккен. @a_k_o_n_i аккаунтының иесі блогер Р. Ж. "аутизмі бар балаларды өлтіруге" шақырған пікір жазған. Қазіргі уақытта бұл профиль жабық немесе өзгертілген болуы мүмкін. Алайда Instagram-дағы басқа парақшасында (@ersaevna) осы тақырыпқа қатысты жазбалар мен пікірлер жариялануда. Солардың бірінде блогер "мұндай балаларға интернаттар ашу керек" деп есептейтінін айтқан", – делінген ассоциацияның Instagram-парақшасындағы мәлімдемеде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от НАЦИОНАЛЬНАЯ АССОЦИАЦИЯ AUTISM KAZAKHSTAN | НПО | ОЮЛ| ADVOCACY (@autism.kazakhstan)
Ассоциация Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдады.
Бұл мәлімдемеге Алматы полиция департаменті (ПД) жауап берді.
Ішкі істер Министрлігіне "AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық Қауымдастығынан" ерекше балаларға арналған үндеулерді қамтитын пікірлердің жариялануына қатысты өтініш келіп түсті. Аталған дерек бойынша Алматы қаласы ПД полицейлері тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Блогердің жеке басы анықталды. Заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады.
Еске саламыз, қорлау, әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Азаматтардың құқықтарын бұзуға және қылмыс жасауға шақыратын кез келген мәлімдемелерге жол берілмейді.