Израиль жоспарын алдын ала білсе де, жақ ашпаған АҚШ президенті Дональд Трамп еврей билігін қолдап, ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды 24kz.

Ақ үй сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Америка басшысы премьер-министр Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескен. Екі жақ Қатар билігіне хабарласып, Дохаға жасалған шабуылдар енді қайталанбайтынын жеткізген.