Саладағы маңызды бағыттың бірі – Аралды қалпына келтіру мәселесі.

Солтүстік Аралға шамамен 5 млрд текше метр су жіберілген.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, су шаруашылығы саласындағы маңызды бағыттардың бірі – Аралды қалпына келтіру мәселесі.

Министрлік құрылған сәттен бастап Солтүстік Аралға шамамен 5 млрд текше метр су жіберілген.

"Су айдынының көлемі 24,4 млрд м³-ке дейін ұлғайды. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктің гранты есебінен "Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру және өңірлік дамыту" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жалпы, Министрлік жүргізіп жатқан іс-шаралар кешені – инфрақұрылымдық нысандарды салу және жаңғырту, су үнемдеу және цифрлық технологияларды енгізу – климаттық тәуекелдердің артуы жағдайында елдің су ресурстарын тұрақты пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Нұржан Нұржігітов.

Министрлік 2030 жылға дейінгі саланы дамыту тұжырымдамасын, Су шаруашылығын дамыту кешенді жоспарын және жаңа Су кодексін қамтитын кешенді құқықтық және институционалдық негіз қалыптастырғаны да айтылды.