Жақында жарыққа шыққан отандық QAITADAN фильмі қазақстандық кинопрокатта көш бастады, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, биыл 4 қыркүйектен бастап режиссёр Думан Еркімбектің QAITADAN фильмі прокатқа шыққан.
"Картина бір аптаның ішінде 400 млн теңге қаражат жинап, отандық бокс-офисте көш бастап тұр", — делінген министрліктің Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.
Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Туындыда ұрпақ сабақтастығы, өткеннің қателіктері және жаңа жол іздеу секілді терең философиялық тақырыптар қозғалады. Басты кейіпкер Рауан уақыт тұзағына түсіп, өмірін түбегейлі өзгерткен апаттың куәсі болады.
"Көрермен фильмнің көркемдік сапасы мен техникалық деңгейін жоғары бағалауда. Фильмдегі ең әсерлі көріністердің бірі – бөгеттің жарылуы. Бұл сахналар тек компьютерлік графикамен ғана емес, нақты түсірілімдер мен арнайы эффектілер арқылы жүзеге асқан", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз