"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына Қазақстанның үш ірі қаласында 10-12 қыркүйек аралығындағы ауа райы туралы айтты. Астанада әлі де жаңбыр жауады. Алматы тұрғындары сәрсенбі және бейсенбі күндері қолшатыр дайындауы керек. Шымкентте жауын-шашын мүлдем күтілмейді.
Астана
10 қыркүйек: күндіз құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Таңертең және күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +10-12°С, күндіз +14-16°С.
11 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні – секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +6-8°С, күндіз +13-15°С. 12 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел әлсірейді, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +8-10°С, күндіз +14-16°С.
Алматы
10 қыркүйекте: құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Кей уақытта қатты жел күтіледі. Желдің екпіні секундына 15 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +15-17°С, күндіз +27-29°С.
11 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +13-15°С, күндіз +23-25°С.
12 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11-13°С, күндіз +25-27°С.
Шымкент
10 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +14-16°С, күндіз +30-32°С.
11 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15-17°С, күндіз +28-30°С.
12 қыркүйек: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +15-17°С, күндіз +30-32°С.
Бұған дейін метеорологтар 2025 жылдың 9-11 қыркүйегі аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы батыс циклонымен және онымен байланысты атмосфералық фронттармен анықталатынын хабарлаған болатын.