Дәрігерлер өз қабылдауына келген пациенттерді және оларға медициналық көмек көрсеткен сәтін видеоға түсіре алады. Мұндай шешім медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова үкімет отырысында медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылатын шаралар туралы айтты.
"Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2100 жедел жәрдем бригадасы бейнежетондармен және 644 аурухананың қабылдау бөлімі бейнетіркегішпен қамтамасыз етіледі", — деді Денсаулық сақтау министрі.
Ведомство басшысының айтуынша, министрлік облыс әкімдеріне 2026 жылы кадр тапшылығы сезілетін өңірлерде тапшы мамандыққа ие дәрігерлерді баспанамен қамтамасыз етуді тапсыруды ұсынбақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз