"Қазақтелеком" үздіксіз оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін дәйекті түрде дамытады. Осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі "Қазақтелеком" АҚ-ның 2025 жылғы "Үздік әмбебап маманы" республикалық байқауы өтті, ол нағыз кәсіпқойларды анықтап қана қоймай, корпоративтік құндылықтарды, командалық рух пен жетілдіруге деген ұмтылысты нығайтуға мүмкіндік береді.
11-22 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірінде онлайн форматта байқаудың негізгі кезеңі – өңірлік іріктеу турлары өтті. Оларға Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Түркістан, Талдықорған, Алматы, Қонаев, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен, Семей, Астана, Қарағанды, Көкшетау және Жезқазған қалаларынан "Қазақтелеком" филиалдары қатысты.
Іріктеу қорытындысы бойынша соңғы кезеңде өз өңірлерін ұсынатын алты финалист команда анықталды. Әр командаға "Желі" бірлестігі" дивизионынан (ЖБД) және Бөлшек бизнес дивизионынан (ББД) бір-бір маман кірді.
"Қазақтелеком" АҚ 2025 "Үздік әмбебап маманы" Республикалық байқауының ақтық ойынына шыққан қатысушылар:
- Орталық өңір – Құсайынов Айдос (ЖБД) және Әкімжанов Дастан (ББД), Астана қаласы
- Солтүстік өңір – Сабодаж Иван (ЖБД) және Ким Алексей (ББД), Петропавл қаласы
- Шығыс өңір – Бұқанов Асхат (ЖБД) және Асқаров Ислам (ББД), Өскемен қаласы
- Батыс өңір – Жұмабаев Арсен (ЖБД) және Ахметқалиев Азамат (ББД), Ақтөбе қаласы
- Оңтүстік өңір – Әжімбетов Данияр (ЖБД) және Мәделхан Нұрдәулет (ББД), Қызылорда қаласы
- Алматы өңірі – Мұхамедияр Данияр (ЖБД) және Жүнісов Қанат (ББД), Алматы қаласы.
"Компанияның негізгі күш-қуаты – қызметкерлерінде: олардың құзыреттері, қатысуы және тәжірибелерімен бөлісуге дайын болуы. "Үздік әмбебап маман" байқауы бүкіл елімізде мықты кәсіпқойларымыздың бар екенін көрсетті және мамандардың жоғары деңгейін растау және біліммен алмасу үшін тамаша алаңға айналды", — деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ Корпоративтік университетінің Бас директоры Юлия Гриневич.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, байқаудың ақтық сыны 18-19 қыркүйекте Қарағандыда өтеді және еліміздің түкпір-түкпірінен жеңімпаз атағына таласатын үздік мамандарды жинайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз