Бұл матчта "Реал Мадридтің" жартылай қорғаушысы, атақты Джуд Беллингемнің інісі Қазақстан қақпасына гол салды.

Ақтөбеде 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу аясыеда Қазақстан мен Англия жастар құрамалары кездесті.

Құрлық біріншілігінің қазіргі жеңімпазы ағылшындар ойынды қарқынды бастап, 18-минутта Нванери, 23-минутта Беллингем гол соғып үлгерді.

Алғашқы таймда қонақтар басым болғанымен, екінші кезеңде алаң иелері біраз сәттерде ойын тізгінін қолға алып, қарсылас қақпасына қауіпті соққылар жасады. Дегенмен нәтиже өзгермей, матч 0:2 есебімен Англияның пайдасына аяқталды.

Айтпақшы, 2024 жылы өз елінің Жастар құрамасына шақыртылған Джоб Беллингем “үш арыстан” жейдесіндегі алғашқы голын тіркеді. Бұған дейін Джудтың інісі Испания, Нидерланды, Франция және Португалияға қарсы кездесулерде көзге түсе алмай кетіп еді.

Еске салсақ, Англия құрамасы Еуро іріктеуінде Қазақстаннан бөлек, Молдова, Андорра, Словакия және Ирландияға қарсы ойнайды.