Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Аида Әбікеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Оңтүстік Корея елінің өкілі Кан Сок Енмен жұдырықтасты.

Алғашқы үш минуттықта бірнеше соққыны жіберіп алған оңстүстіккореялық боксшы келесі раундтарда Аиданың осал тұсын таба алмады. Нәтижесінде Аида Әбікеева төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, енді Аида Әбікеева (65 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аян Толеген (@tolegenayan)

Бұған дейін Гүлсая Ержанның бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алғанын жазғанбыз.