Қазақстанның футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Қазақстан өз қызметінен кететінің мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бас бапкер бұл жөнінде 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында ұлттық құрама Бельгиядан 0.6 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен жариялады.

"Болғанның бәрі, яғни жеңіліс менің кінәм. Мен ол үшін толық жауапкершілікті өз мойыныма аламын. Өтініш жазып, отставкаға кетемін және келген бойда президентке хабарлаймын", — деді Әлиев матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бес ойын өткізіп, үш ұпай ғана жинай алды.

Әли Әлиев бастаған команда Бельгиядан бөлек Уэльс (1:3, 0:1) және Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан да ұтылып, тек Лихтенштейн құрамасын (2:0) жеңе алды.