Президент өңірлерге инвестиция тартудағы арнайы экономикалық аймақтардың да рөліне тоқталды. Жолдау кезінде көбінің жұмысы мәз еместігін айтып қалды.

Сондықтан арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру үшін Үкімет терең сараптама жасап, түбегелі шараларды қабылдауға дайын болуы керегін баса айтты. «Оларды басқаруға жеке компанияларды, қажет болса, шетел компанияларын тартуға болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Оның пікірінше, әлеуметтік олар аймақтардың экономикалық өсімін арттыратын қозғаушы күш болуға тиіс. Алайда көбі коммуналдық мүліктерді және аса маңызды емес жобаларды жүзеге асырумен шектеліп отыр. «Олардың аймақ экономикасына әсері шамалы», — деді Мемлекет басшысы.