2025 жылғы 8 қыркүйекте Сенат депутаттары үкімет мінберінде самокаттарға қатысты жағдай жөнінде пікір білдірді. Алматыда жаяу жүргіншілерге бірнеше рет қауіпті соқтығыстар болғаннан кейін қоғамда бұл көлік құралын қолдануға тыйым салу туралы мәселе тағы да көтерілді. Толығырақ ақпаратта.

Сенат депутаты Андрей Лукин бүгінгі күні жағдай мен заңнама талаптары зерттеліп жатқанын айтты.

"Самокат мінушілерге қатысты реттеу шаралары қабылданатын болады. Оның ішінде каршерингпен айналысатын компаниялар мен осы көлік құралдарын пайдаланатын азаматтардың жауапкершілігін күшейту де қарастырылуда", – деді сенатор.

Ал Сенат депутаты Марат Қожаевтың пікірінше, бұл көлік құралдарын қолданудың нақты ережелерін орнату қажет.

"Біз ең алдымен осы самокаттарды жалға беретін адамдармен айналысуымыз керек – олардың бұл істе ешқандай жауапкершілігі жоқ. Кім көрінгенге береді, кім көрінген, қалай болса солай пайдаланады. Мәселе бұл құралдарда емес, адамдардың санасында – біз оларды басқаға кедергі келтірмей, мәдениетті түрде қалай пайдалану керектігін білмейміз", – деді сенатор.

Бұған дейін Алматыда самокат тізгіндеген жасөспірімдер нәресте жатқан арбаны қағып кеткенін жазғанбыз.