Ол Инвесторлардың құқығын қорғау комитеті деп аталмақ .
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Менің ойымша, Бас прокуратураның заңсыз активтерді қайтару комитетінің атауын инвесторлардың құқығын қорғау комитеті деп өзгертетін уақыт келді. Бас прокуратура заңсыз активтердің иелерімен жақсы жұмыс істегенін атап өту керек. Қазынаға 850 млрд теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Бұл қаражат 10 мектептің, 4 спорттық нысандардың құрылысына, 235 медициналық нысанның құрылысы мен жаңғыртуға, 177 су инфрақұрылымы нысанға бағытталды. Республикалық бюджетке қосымша сома түседі деп күтілуде", – деді Мемлекет басшысы.
Айта кету керек, бұған дейін Президент жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырғанын жазғанбыз.